Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 мая 2024 09:07

Мопедпен қағып кетсе, не істеу керек? Заңгер кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Ірі қалаларда мопедтер мен скутерлер көбейді. Себебі оларға көлік кептелісі кедергі емес. Олар көлік-көліктің арасынан өтіп кетеді. Оған қоса, олар тар жаяу жүретін көшелермен де жүре береді. Ал бұл жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіреді. Жаңалықтардан мопед айдайтындардың себебінен болған жол апаттары жайлы жиі естуге болады. Егер сізді мопед қағып кетсе, не істеу керек? Massaget.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевпен сөйлесті.


Ірі қалаларда мопедтер мен скутерлер көбейді. Себебі оларға көлік кептелісі кедергі емес. Олар көлік-көліктің арасынан өтіп кетеді. Оған қоса, олар тар жаяу жүретін көшелермен де жүре береді. Ал бұл жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіреді. Жаңалықтардан мопед айдайтындардың себебінен болған жол апаттары жайлы жиі естуге болады. Егер сізді мопед қағып кетсе, не істеу керек? Massaget.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевпен сөйлесті.

Материалдың толық нұсқасы Massaget.kz сайтында.

Заңгер мопедтерге жолдың жүріс бөлігінде ғана жүруге рұқсат етілгенін ескертті. Алайда іс жүзінде көпшілік мопед айдаушылар жаяу жүретін көшелермен жүре береді. Бұл ережені қатаң бұзу болып саналады.

"Бұған дейін "Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң шеңберінде (Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда қол қойған) көше-жол желісі бойынша мопедтердің қозғалысы ішінара қайта қаралған болатын. Атап айтқанда, бүгінгі таңда мопедтердің қозғалысына шлемді пайдалана отырып, жолдың жүріс бөлігінде ғана рұқсат етілген. Сонымен қатар, Қазақстанда мопедшілер үшін жаңа талаптар енгізілетіні белгілі болды, бұл заңды мәжіліс талқылап жатыр", - дейді Думан Көпбаев.

Заң жобасына сәйкес, Қазақстанда мына нәрселер қарастырылған:

  • қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеуді енгізу;
  • мопедтердің жүргізушілеріне қойылатын талаптарды белгілеуге;
  • жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарын пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беру.

Заңгердің айтуынша, жаңа қабылданатын заң бойынша мопедтердің жүргізушілері механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне ұқсас жауапкершілікке тартылады, яғни ӘҚБтК-ге (әкімшілік құқықбұзушылық кодекс) сәйкес "толыққанды" жүргізуші ретінде айыппұл салынады.

"Егер бұрын жол ережесін бұзғаны үшін мопедтердің жүргізушілері жол қозғалысының өзге қатысушылары сияқты ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылса (жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол ережесін орындамауы 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады), осы нормалар қабылданғаннан кейін мопедтің жүргізушісі жауаптылықтың барлық спектрін көтереді және механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне теңестіріледі.

Мысалы, бағдаршамның тыйым салушы сигналына жол жүргені үшін мопед жүргізушісіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 599-бабы). Мас күйiндегi жүргiзушiлердiң мопедтердi жүргiзгенi үшiн жауапкершілік күшейедi. Қазір мопедті мас күйінде басқару ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) бойынша жауапкершілікке тартылады", - дейді Думан Көпбаев.

Егер сізді мопедпен қағып кетсе және ол зиянды өтеуден бас тартса, сіз сот органдарына жүгінуге құқылысыз.

"ҚР АК-нің 931-бабына сәйкес жол ережесін бұзған тұлға келтірілген зиянды оның иесі өтеуге міндетті. Осылайша, жол ережесінен келтiрiлген материалдық зиянды (автомобильге және өзге мүлiкке келтiрiлген) оны келтiрген адам толық көлемде өтейдi. Сондай-ақ осы баптың ережелерi зиян келтiрушi болып табылмайтын өзге де адамдарға зиянды өтеу мiндетiн жүктеу мүмкiндiгiн бекiтедi, сондай-ақ егер зиян келтiрушi жол ережесін бұзғанда материалдық зиян келтiруде оның кiнәсi жоқ екенiн дәлелдесе, оны жауапкершiлiктен босату мүмкiндiгi қарастырылған. Егер материалдық зиянды өтеуді жүзеге асыруға міндетті адам өз еркімен бас тартса, материалдық залал келтірілген азамат өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін сот органдарына жүгінуге құқылы", - деп кеңес берді заңгер.

Материалдың толық нұсқасы Massaget.kz сайтында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.25   490.7   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети