Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 мая 2024 14:41

Күйеуін өлтіріп, Жауғаштыда жазасын өтеп жатқан әйелдердің жан сыры - видео сұхбат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Мassaget.kz/ Болат Айтмолда Фото: Мassaget.kz/ Болат Айтмолда

Қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шықты. Өз әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған шенеунік 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға тек Қазақстан емес, сонымен қатар, басқа елдерді де дүр сілкіндіріп, Желіде резонанс тудырды. Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын қанша әйел көз жұмады? Ал қанша әйел өзін, баласын қорғаймын деп күйеуімен арпалысып жатқанда жұбайын өлтіріп алады? Бұл - оқиғаның басқа қыры. Massaget.kz тілшісі Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі колонияда күйеулерін өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан әйелдермен сұхбаттасты.


Қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шықты. Өз әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған шенеунік 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға тек Қазақстан емес, сонымен қатар, басқа елдерді де дүр сілкіндіріп, Желіде резонанс тудырды. Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын қанша әйел көз жұмады? Ал қанша әйел өзін, баласын қорғаймын деп күйеуімен арпалысып жатқанда жұбайын өлтіріп алады? Бұл - оқиғаның басқа қыры. Massaget.kz тілшісі Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі колонияда күйеулерін өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан әйелдермен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ойраны шыққан отбасыда жанжалдың көбі классикалық түрде басталады: күйеуі ішеді, әйелін ұрады. Әйел балаларын алып, үйінен кетіп қалады. Есін жиған күйеуі кешірім сұрайды, екеуі қайта қосылады. Ұрып-соғудың себебі де бірдей - қызғаныш. Әдетте бірнеше бала тапқан әйел ішімдікке салынған күйеуін тағдыр тәлкегіне тастап кетуге қорқады. Бірде "Қалай күн көремін?" "Балаларымды қалай асыраймын?" десе, енді бірде "Мен оны жақсы көремін", "Ол әлі өзгереді" деген сенім болады.

Әрине, әйелдің көбі Құдай қосқан қосағын жамандыққа қимайды. Ал арыз жазып, полицияға берейін десе - "ұят".

Қазір қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісі - медалдің бір жағы ғана.

Мassaget.kz/ Болат Айтмолда

Әйелдердің қалауы бойынша аты-жөні өзгертіліп, түрі көрсетілмейді.

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесі қаладан 50 шақырым жерде орналасқан. Онда "Мен кете алмадым", "Балаларымның жетім өскенін қаламадым", "Абайсызда болды", "Күйеуімді жақсы көремін" деген, алайда уақытты кері қайтара алмай, шарасыз отырған әйелдер бар. Біз 2 әйелмен сұхбаттастық. Екеуінің де хикаясында ұқсас детальдар бар. Олар - арақ, қызғаныш пен өлім.

Алғашқы кейіпкер - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, жасы 37-де. Ол Қазақстан Республикасының 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жылға сотталған. 5 баланың анасы, олар қазір Бағанашылдағы балалар үйінде.

Күйеуімен 2008 жылы отбасын құрған. Оның айтуынша, күйеуі намазына берік, иманды болған. Алайда кейін араққа салынып, барынан айырылған. Тіпті басқа әйел тауып кетіп қалған. Әйел күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сотталды. Әлі 5 жыл темір торда өткізбек.

- Оқиға қалай басталды?

- Бізде отбасылық қой. Күйеуім күнде ішіп келетін, ішкен күнде газ баллонмен арпалысатын. Бір күні, әлі есімде, ол кезде 2 бөлмелі үйде тұрдық. Оянсам, мұрныма иіс келіп жатыр. Күйеуім ішкен жерінде құлаған, газ баллон ашық қалған. Сөйтіп 2013 жылы бір өлімнен аман қалдық. Ішкен кезде есін білмей, тапқан-таянғанын араққа құртатын. "Осы менің досым" дейтін. Үйден айлап жоғалатын. Туысқандарына да айтатынмын. Кейін адам қалпына келеді де, 2-3 айдан кейін қайта бұрынғы әніне басады. Үйдегі сапалы заттың бәрін сатады. Басында бәрі жақсы болған. Ол кезде 5 уақыт намазын оқитын. Шынымен Алладан қорқатын шығар деген үміт болды. Кейін араққа салынды. Сосын қайта намазын оқитын. 2012 мен 2021 жыл аралығында қанша рет 102 шақырдым. Кейде аптасына 5-6 рет шақыратынмын. Ішіп алғаннан кейін үйдегі заттың бәрін шағатын. Бір күні кеудеме бөтелкенің сынығын тығып жіберген кезі болды", - дейді кейіпкер.
Кейіпкер бұл кездері мешітте тазалықшы болып жұмыс істеген.

"Ол менің намысыма тиетін жаман сөз айтатын. Маған "Неге мешіттегі адамдар көмектесіп жүр? Мүмкін мен жоқта басқа байларың келіп жүрген шығар" дейтін.

Соңғы сөйлескеніміз есімде. Түнде келді. Аздап ішіп алған. Қолында пакеті бар. Мен "далада қонасың, ішкен соң үйге кірмей-ақ қойшы" дедім. Бір кезде қарасам, үйді айнала жүгіріп жүр. Сыртқа шықсам, "артымнан қара киінген біреу қуып жүр" деді.

Бір күні ұлым түнде әжетханаға барғысы келіп кетті. Соның қасында өрік ағашы болатын. Ұлым "мама, ағашта біреу асылып тұр" деді. Жақындап барсақ, күйеуім асылып тұр. Есіктің алдында сым қалып кеткен еді. Соны мен үйдің алдына жіп тартамын деп ойлап едім. Сөйтіп ұлым көршіні шақырып келді, мен пышақпен қиып үлгердім, алайда мойнына батып кетіпті. Сол кезде тірі қалды", - дейді ол.
Кейіпкер кезекті әрі соңғы жанжалда күйеуін пышақтап өлтіріп алған. Марқұм жұбайы үйге соңғы рет келгенде бүкіл ақшасы мен алтын сақинасын ұрлап кеткенін еске алды. Сол кезде күйеуі ұрланған қаражат жұмсалғанын, ал сақинаны қазіргі сүйіктісіне сыйлағанын айтқан.

- Күйеуіңізбен неге ажыраспадыңыз?

"Ертең балаларыма не деп айтамын?" деп ойладым. Балаларымды әкесіз өсіргім келмеген. Негізі қазір ойлап отырсам, еркек бір рет қол көтерсе, бірден ажырасу керек екен. Бала-шағаға ондай тәрбиенің қажеті жоқ. Олар қанша ұрыс-керіс, төбелесті көрді. Мен олардың психологиясын өзгертіп алдым. Негізі балаларым ашық, ақкөңіл еді. Қазір үлкен қызыммен сөйлескенде кеудесінде өксік тұрады. "Анашым, бізде қазір бәрі бар. Бірақ сіз ғана жетіспейсіз" дейді. Менің сиқырлы таяғым болып, бостандыққа жетсем, еркек атаулыға жоламаспын.

Негізі таяқтың екі ұшы болады ғой. Әйел адам темір емес. Ол да біреудің мәпелеп, аялап өсірген қызы. Тамағын істейді, кірін жуады, балаларын тәрбиелейді, бірақ сонда да әйел кінәлі. Әрине, көпке топырақ шашқым келмейді. Қанша дегенімен, әйел адам нәзік қой. Қандай жағдай болмасын, "балаларымыз жыламаса, жетімдер үйінде өспесе, жетімдер санын көбейтпесе" дейміз.

Бастапқыда бәрі жақсы болды. Бірақ екінші балаға аяғым ауыр болған кезде ішіп бастады. Кейін ұрып-соғуы да қосылды. Мен ешқашан оған қарсы шықпайтынмын. Мен мүлдем үйден кетпедім. Біз жалдамалы пәтерде тұрдық. Анам ерте қайтыс болған соң, бала-шағамды алып, әкемнің үйіне барғым келмейтін. Өзімді "ажырасып кеттім" деп түсіргім келмейтін. Күйеуім 1 пакетке киімдерін жинап кетіп қалатын. Материалдық жағдайдың жетпейтініне қынжылатын да шығар деп ойлайтынмын. Бірақ оған ештеңе керек болған жоқ. "Өлсем, бәрі артымда қалады ғой" дейтін. Сол кезде көзім соқыр болған. Қазір бұл туралы көп ойлаймын ғой. Мен оған құдайымдай сенетінмін. Не десе де, жарайды деп жүретінмін. Түбі осыған әкелді", - дейді әйел.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.25   490.7   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети